Қарашаның 8-9-ы күндері Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының XV форумы өтті. Оған екі ел президенттері қатысты. Шара аясында «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» атты көрме өтті.
Осы басқосуда қос ел басшылары екі ел қарым-қатынасын нығайту мақсатында атқарылар іс-шараларды тағы бір пысықтап шықты. Түрлі саланы қамтитын үкіметаралық және өңіраралық отыздан аса құжатқа қол қойды. Форумның келесі XVI отырысы алдағы жылы Омбы қаласында өтеді.
Аталмыш көрмеге QazaqGeography қоғамдық бірлестігі экспонент ретінде қатысты. Бес жыл ішінде жасалған жұмыстарын бірнеше минуттық фильм ретінде көпшілік назарына ұсынды. Одан бөлек, QazaqGeography-дің «Менің Қазақстаным», Орыс география қоғамының «Ең әдемі мемлекет» және National Geographic Qazaqstan ұсынған үздік суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Форумның қалай өткені жайлы келесі сілтемелерден көре аласыздар:
https://www.youtube.com/watch?v=69o5iTcZs90
https://www.youtube.com/watch?v=C3RuA4GkFfw
https://www.youtube.com/channel/UCsvtK3isdai0XVBW7vtWksw