10 желтоқсан, 12:00

Азияның географиядан 4-ші конференциясы өтті

6-10- желтоқсан аралығында Гуанчжоу қаласындағы Сунь Ятсен университетінде Азияның географиядан 4-ші конференциясы өтті. Аталмыш шараны ұйымдастырушы Қытай Географиялық қоғамы мен Сунь Ятсен университеті. Ал қолдаушылары ретінде Корей географиялық қоғамы, Жапондық Географтар Ассоциациясы, Үндістан географтарының ұлттық ассоциациясы, Гонконг географиялық ассоциациясы мен Макаоның география мен білім беру зерртеуші ассоциациясы атсалысты.

Кездесу барысында Азия Географиялық Ассоциациясының құрылуына қатысты меморандумға салтанатты түрде 23 мемлекет қол қойды. Ол елдер қатарында Қытай, Жапония, Корея, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Шри Ланка, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәджікістан, Израиль, Иран, Түркия және т.б. мемлекеттер бар. Қазақстан тарапынан меморандумға QazaqGeography қоғамдық бірлестігінің Басқарушы Кеңес төрағасы Қанат Байғарин қол қойды.

Айта кету керек, Азия Географиялық Ассоциациясының басты мақсаттарының бірі – Азия географиясын зерттеуді дамыту арқылы қатысушы мемлекеттер қарым-қатынасын нығайту.

Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх