Мұсағажинова Әйгерім - этнограф, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының материалдық емес мұраларының жетекшісі.
Кітапта қазіргі уақытта әзірленуі мен тұтынуы ғана емес, тіпті атауының өзі ұмыт болуға щақ қалған ет, сүт және аралас жасалатын тағамдар мен сусындардың бірқатар түрлері қамтылып, олардың әзірлену технологиясы, биологиялық құндылығы туралы қысқаша сипаттамалар беріледі.
Кітап тағамдану саласының мамандарына, технологтар мен этнографтарға, сонымен қатар, технология және тарих факультеттернің студенттеріне, жалпы ұлттық тағамға қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.
Қазақстанда жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедицияларының нәтижесінде ұмытылған тағамдарды дайындау технологиясы табылды. Қазіргі уақытта екі жүзге жуық тағам туралы ақпарат алынды, олардың елуі осы кітапта сипатталған. Тағамдардың әрқайсысына қатысты қысқаша ақпарат, рецепті және қалай тамақтану керек туралы ақпарат берілген.
Кітаптың жарық көруіне септігін тигізіп, экспедициялық жұмыстарды өткізуге және кітаптың басылып шығуына ықпал еткен «Integra construction Kz», «ERG Комек», Рашид Күзембаев, Диас Сүлейменов, Болат Смағұлов, Жарас Ізгулов, Жарқынбек Бекбауов, Абай Жүнісовке ерекше алғыс білдіреміз. Осы қолдау материалдық емес мәдени мұраны жалғастырушы мұрагерлермен танысуға және ұмыт болған қазақ тағамдарын қайта жаңыртуға мүмкіндік берді.
Кітапты QazaqGeography офисінде сатып алуға болады. Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы, 22.Байланыс: 8 7172 999 336, 8 747 288 37 70.