16 қыркүйек, 07:00

«Географиялық зерттеулерге арналған топографиялық және тақырыптық карталарды пайдалану және құрастыру» дәрісі

QazaqGeography танымдық-білім беру бағдарламасы аясында 16-қыркүйек күні география мұғалімдері мен олимпиадалық резерв студенттері үшін «Географиялық зерттеулерге арналған топографиялық және тақырыптық карталарды пайдалану және құрастыру» тақырыбында дәріс өтті.

Айта кету керек, қатысушылар үшін дәрістің өзінен бөлек, материалды бекіту үшін практикалық сабақтар өткізілді.

Дәріскер ретінде география ғылымдарының кандидаты - Алексеенко Наталья Анатольевна қатысушыларға сабақ берді. Тәжірибелі ұстаздың біліктілігі мен еңбектері жайлы айта кету керек: Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультеті картография және геинформатика кафедрасының доценті, бүкілресейлік Ресей географиялық қоғамының мүшесі, «Жас географтар картографиясы», «Инженерлік биология элементтерімен ландшафты жоспарлау», «Географиялық карта: жалпы географиялық карталар» сияқты бірқатар оқулықтардың авторы.




Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх