Үкіметтің 27 маусымдағы қаулысымен көптен күткен Іле-Балқаш резерваты құрылды, бұл жерге бірнеше жылдан кейін алғашқы #тұранжолбарыстары әкелінетін болады! Резерват ауданы 415 мың га құрайды.
Жолбарыстың азық базасын жақсарту үшін бұл жерге қабандар, еліктер мен тоғай бұғылары әкелінеді. Аумақ толық дайын болып, табиғи экожүйе қалпына келтірілген соң ғана резерват аумағына жолбарыстар партиялап жеткізілетін болады.
Қандай жолбарыстар?
2008 жылы Дүниежүзілік банктің бастамасымен Жаһандық жолбарыс бастамасы әзірленді, өйткені жер бетіндегі ең сұлу жыртқыштың саны алғаш рет қауіпті төмен белгіге жеткен болатын.
Осы бастаманың шеңберінде 2010 жылы жолбарысқа жарамды аумақ іздестіріле басталды. Әзірбайжан, Армения, Грузия, Иран, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және жолбарыс мекендейтін басқа дәстүрлі елдерде бос аудан жеткіліксіз болып шықты. Өйткені жолбарыстар бейімделуі үшін тұтас экожүйені құру қажет болатын. Таңдау Қазақстанның Балқаш ауданына түсті, мұнда Іле өзенінің атырауында толыққанды табиғи резерват салуға болатын еді.
2014 жылы Ресейдің WWF-ы және ҚБСҚ-мен бірге QazaqGeography халықаралық және қазақстандық сарапшылар үшін болашақ резеваттың үстінен алғаш рет айналып ұштық. Үш жыл өткен соң, 2017 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Үкіметі Ресей WWF-пен жолбарыстың реинтродукциясы бойынша біріккен бағдарламаны жүзеге асыру туралы меморандуға қол қойды.
Қазақстанда соңғы рет жолбарысты 1957 жылы көрген, ал ресми түрде 1970 жылы жоғалды деп танылды. «Тұран» жолбарысы деп аталатын жолбарыс Орта Азия, Иран және Кавказ аумағын мекендеген. Солтүстікте мекендеу ареалының үстіңгі шекарасы Балқаш көлі болды.
Жолбарысты қалпына келтіру шеңберінде байырғы тұран жолбарысы түрінің орнына Қазақстанға генетикалық жағынан барынша жақын келетін амурлық бауырласы әкелінеді.
Мұның өзі қауіпсіз бе?
Табиғи резерват аумағы сенімді етіп қоршалатын болады, жергілікті халық үшін жыртқышпен көрші тұру ешбір қауіп төндірмейді. Ал жолбарыстың өзінің адаммен көрші тұрудан зардап шекпеуі үшін браконьерлікпен күрес шаралары қарастырылатын болады.
Қазіргі таңда жолбарыстардың әлемдік популяциясы небары 3900 жекетүрді құрайды. Резерваттың көмегімен біздің елімізде популяция бірнеше есеге ұлғаюы мүмкін.