16 мамыр, 09:53

МАКРОСУРЕТТЕР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін елорда төрінде «Павлодар облысы жәндіктерінің макросуреттері» атты көрме ашылды. Фотосуреттер авторы Алексей Мехедов жай көзбен көруге мүмкін емес және күнделікті өмірде байқалмайтын дүниелерді заманауи технология көмегімен ұлғайтып, көпшлік назарына ұсынды. Аталмыш шараны ұйымдастырушы «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Павлодар География үйі.

Бүгін елорда төрінде «Павлодар облысы жәндіктерінің макросуреттері» аттыкөрме ашылды. Фотосуреттер авторы Алексей Мехедов жай көзбен көруге мүмкін емес және күнделікті өмірде байқалмайтын дүниелерді заманауи технология көмегімен ұлғайтып, көпшлік назарына ұсынды. Аталмыш шараны ұйымдастырушы «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Павлодар География үйі.

Көшелер нәзік гүлдерге толады. Күзде жапырақтан кілем жайылып, ақ жауынның астында қалады. Жыл он екі ай бойы әдемі өзгеретін құбылыстарды суретке түсіру - көптің әдеті. Кейін фотографтардың назары ұсақ детальдер мен бөлшектерге ауады. Осындай шығармашыл жандардың қатарында павлодарлық жас фотоанималист Алексей Мехедов бар. Ол арнайы техниканың көмегімен құрт-құмырсқа, өрмекшілер мен көбелектерді түсіріп, жәндіктерді ертегілер кейіпкерлеріне айналдырады.

Қызыққан көрермен Алексейдің 50 туындысын тамашалап, Ертіс өңірінде тіршілік ететін жәндіктермен таныса алады. Жобаның ерекшелігі сол, омыртқасыз жәндіктерді ірі көлемде көруге болады. Суреттер А3 форматында орындалған. Инеліктің үлкен көзін, шымыр денесін, күндізгі көбелектің, қандаланың берік қанаттарын, бүйір жақпен жүретін гүл өрмекшінің ерекше денесін жақыннан көре аласыз. Макротүсірілімнің арқасында көрмеге келушілер кішкентай жәндіктер әлеміне тереңнен үңіле алады. Сонымен қатар, бұл жобадағы фотосуреттер энтомология ғылымының дамуына өз үлесін қосады. Себебі жәндіктердің әрбір бөлшегін зерттеуге мүмкіндік туғызады. Өнер мен ғылымның ұштасқан сәті деп дәл осы шараны айтуға болады.

«Қараға зерқоңызы» туралы немесе бүйе өрмекші тұқымдасына жататын өрмекші туралы тек естіген болсаңыз, енді олардың портреттерін көре аласыздар. Саяжайда жасыл сауыты бар қоңызды көрсеңіз, танысып қойыңыз, бұл - жапырақжегіш. Осы тектес қызықты жәндіктерді QazaqGeography алаңында ұйымдастырылған көрмеде тамашалауға мүмкіндігіңіз бар. Шара 19-мамырда ашылып, 8-маусымға дейін жалғасады. Келем деушілерге«QazaqGeography» есігі ашық! Шараның өтіп жатқан орны: Нұр-Сұлтан қ. Абай даңғылы 22.

«Жәндіктердің макротүсірілімі оңай іс емес. Екінші дубль жасауға мүмкіндік болмайды», - дейдікөрме авторы Алексей Мехедов.



Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх