16 маусым, 10:00

Ғалымдар Қазақстан аумағында геопарк құру мүмкіндігін талқылады

Алматыда ЮНЕСКО-ның геоғылымдар мен геопарктер жөніндегі Халықаралық бағдарламасының 50 жылдығына арналған "Жібек жолына миллиондаған жылдар" атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Әртүрлі елдердің ғалымдары геология үшін бірқатар маңызды мәселелерді, соның ішінде бірегей ландшафттарды және табиғаттың геологиялық ескерткіштерін, Орталық Азияның геологиялық мұра объектілерін сақтау туралы және тағы да басқа мәселелерді талқылады.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Германия, Париж және Қытайдың ірі ғылыми қайраткерлері қатысты.

ЮНЕСКО-ның маңызды жобаларының бірі - жаһандық геопарк құру, және де ұйым бұл мәселе бойынша бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Геопарктер - бұл халықаралық геологиялық маңызы бар объектілері мен ландшафты бар географиялық аймақтар. Өңірдің табиғи және мәдени мұрасын сақтау, жергілікті өзіндік болмысын нығайту және тұрақты туризмді ілгерілету геопарктердің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Бүгінде геопарктер өңірлерді дамытудың және жергілікті қоғамдастықтарды қолдаудың жаңа тренді деп аталады.

ЮНЕСКО кластерлік кеңсесі жаратылыстану ғылымдары бөлімінің меңгерушісі Кристиэ Товмасян: «Конференция қорытындысы бай табиғи мұраны, геологиялық секцияларды, қазба фаунасы мен флораны сақтауға септігін тигізетініне сенімдіміз. Осы іс-шараның арқасында біз ғылымды, білімді және тұрақты геотуризмді дамыту үшін бірегей геологиялық ландшафттарды сақтаудың маңыздылығын және геопарктерді құру тәжірибесін көрсеткіміз келеді», - деп атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі кезеңде халықтың хабардарлығын арттырып, оларды геологиялық мұраны сақтауға тарту маңызды.

Ғалымдар өз баяндамаларында геоғылым, геологиялық ескерткіштер мен геотуризмді зерттеудегі өз зерттеулері мен тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ геологиялық мұраны бағалау және пайдалану әдістері, осы саладағы білім берудің даму перспективалары туралы әңгімелеп берді.

Бүгінгі таңда Орталық Азияда әлі геопарктер жоқ, бірақ мұндай алғашқы табиғи аймақ «Алтын Емел» ұлттық саябағының аумағы ғана емес, сонымен қатар ландшафт аймақтарының алуан түрлілігімен, сондай-ақ бірегей флорасы мен фаунасымен танымал болуы мүмкін.

Конференцияны Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Кластерлік кеңсесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ЮНЕСКО-ның Ұлттық геопарктер комитетімен, Тянь-Шань геологиялық қоғамымен, «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген «QazaqGeography» РҚБ Басқарма төрағасы Орман Нұрбаев ЮНЕСКО-ның Қазақстанның мәдениетін, білімін және ғылымын дамытуға және сақтауға қосқан зор үлесін атап өтті.

«ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл біздің елімізге осы бағыттар бойынша гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Осылайша, Кластерлік бюроның жұмысының арқасында бірнеше қазақстандық қорықтар мен ұлттық парктер Дүниежүзілік биосфералық резерваттардың желісіне енді. QazaqGeography қолдауымен 2017 жылы «Алтын Емел» МҰТП ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік биосфералық қорықтар желісіне қабылданды», - деді Орман Нұрбаев.

Конференцияның екінші бөлігі жоспарланған геологиялық парк аумағына далалық сапарды қамтиды, оның аясында қатысушылар орналасқан жердің ландшафтық ерекшеліктерін және оның ғылыми, туристік және мәдени әлеуетін зерттейді.



Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх