2021 жылы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлері таулы мекендерде оқу-жаттығу дайындығы аясында Іле Алатауы шыңдарының бірі «Октябренок» шыңын бағындырды. Шыңның биіктігі – 3650 метр. №91678 ә/б әскери қызметкерлері шыңға №18272 ә/б тауға шығу дайындығының инспекторларымен шыққан.
Құттықтауда: «QazaqGeography қазақстандықтардың елін, туған өлкесінің табиғатын, оның мәдениеті мен тарихын зерттеуге деген қызығушылығының артуына септігін тигізді деп сеніммен айта аламыз. Еліміздің экология мәселесін, табиғатымыздың қайталанбас сұлулығын, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрін насихаттауға үлес қосып жүрсіздер. Сол үшін алғыз білдіреміз!» делінген.
«QazaqGeography» ұжымы да әскери қызметкерлерге ерекше алғыс білдіреді.
Айта кетейік, «QazaqGeography» 2013 жылы 16 қазанда Қамқоршылық кеңесінің төрағасы К.К. Мәсімовтың бастамасымен әрі қолдауымен құрылған.
«QazaqGeography» – бұл Қазақстанның бай табиғаты мен өзіндік мәдениетін зерделеуге, елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтап, ұрпаққа аманаттауды мақсат еткен азаматтардың ерікті географиялық қоғамдастығы.
«QazaqGeography» ұжымында ғылыми, зерттеу және баспа жұмысымен, қоғам үшін маңызды жобаларды жүзеге асырумен айналысатын сарапшылар, география саласының ғалымдары, экологтар мен тарихшылар бар.
Мыңнан астам адамның басын біріктірген қауымдастықтың Қазақстан бойынша 11 аймақтық өкілдігі бар.