Алматы қаласы, 2021 жылдың 16 қыркүйегі. «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жаңа инфрақұрылымдық нысандардың орнатылуы туралы хабарлайды. Бастама туристтерге арналған қолайлылық пен жайлылықты жоғарылатуға, сондай-ақ Шарын ұлттық паркінің танымал бағыттарында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Объектілер арасында ақпараттық стелалар, сілтегіш бағаналар, бағыттар, флора және фауна туралы ақпарат көрсетілген ақпараттық-анықтамалық табло орнатылды, сондай-ақ демалуға арналған арнайы орындар жабдықталды. Жалпы алғанда 50-ден астам жаңа инфрақұрылым объектілері орнатылды.
Келушілерге арналған қамалдар алқабындағы ең көп жүретін бағытта маршруттың ортасында және өзеннің жанында орналасқан 3 тегін ауыз су фонтаны орналастырылды. Бұл фонтандар туристерге ауыз суға деген қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әрқайсысының сыйымдылығы 3 мың литр болатын тағамдық пластиктен жасалған жерасты ыдыстары Шонжы ауылындағы ұңғымадан өндірілетін ауыз сумен толықтырылады. Конструкцияның ішінде су 2 УК-шамдармен және төрт сүзгімен көп сатылы тазартудан өтеді. Әр фонтан 2 кранмен жабдықталған – ішуге және жеке бөтелкелер мен туристердің әртүрлі контейнерлеріне су жинауға арналған. Конструкциялар күн панельдерінің арқасында электр қуатымен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, жоғарғы бағыт бойынша демалыс орындары жабдықталған, онда кез-келген адам тоқтап қалуы мүмкін. Орындықтары бар беседкалар орналасқан екі бақылау алаңы, сондай-ақ тұрақ жанында беседка орналасқан. 3 грот туристер күн немесе жауын-шашыннан жасырынып, демалуы үшін «Қамалдар алқабы» төменгі бағытында орналасқан. Гроттардың ішінде орындықтар орнатылып, құрылымды желдетуге мүмкіндік беретін табиғи желдету бар. Гроттардың пішіні мен түс сызбасы қоршаған ортаға сәйкес жасалады.
Паркте 2 стела, каньонға кіре берістегі үлкен белгі және бақылау – өткізу пунктінің алдында тағы біреуі, каньонның пайда болуы, оның флорасы, фаунасы мен климаты туралы ақпараты бар 12 ақпараттық табло, әрбір гротта, Қамалдар алқабы» төменгі соқпағында 2 ақпараттық табло және Шарын өзенінің бойында 1 ақпараттық табло орнатылған, олар туристерге тарихи фактілер туралы айтып береді. Бұдан басқа, тұрақ жанында ақпараттық табло және инфрақұрылым объектілеріне дейінгі қашықтықты көрсететін 11 көрсеткіш, сондай-ақ бағыттардың қауіпті учаскелерінде 12 ескерту белгісі орнатылған.
Сондай-ақ, келушілердің жайлылығы үшін әжетханалар, жаңа дәретханалар орнатылды, онда аз қауқарлы халық тобына арналған опциялар қарастырылған. Олар жоғарғы және төменгі бағыттарда орнатылады. Дәретханалардың ішінде экологиялық таза "құрғақ" дәретханалар орнатылған, олар арнайы технологияның арқасында қосымша суды пайдалануды талап етпейді, бұл су ресурсын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Қоқысты бөлек жинау опциясы бар урналар да орнатылды, бұл туристердің оны бөлек жинауға деген мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Туристік және рекреациялық мақсаттағы барлық белгіленген объектілер жеке инвестицияларға тұрғызылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты пайдаланылмайды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында «QazaqGeography» РҚБ Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын абаттандыру бойынша тендерге қатысып, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салу үшін ұлттық парктің жекелеген учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалану құқығына ие болды. «Шарын» МҰТП жалпы ауданы 127 050 га болса, жер телімдерінің көлемі 4,9 гектарды құрайды. Шарын МҰТП жеке тұлғалардың басқаруына берілмейді және мемлекет меншігінде қалуды жалғастырады. Ұзақ мерзімді пайдалану құқығын беру қазақстандықтар үшін «Шарын» МҰТП аумағына кіру немесе жүріп өту үшін ақы төлеу құнын ұлғайтуға әкеп соқпайды. «Шарын» МҰТП аумағына кіру үшін ресми төлем бұрынғыдай мемлекеттік ұлттық парктің есеп шотына түсетін болады.