Кездесуге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің, «QazaqGeography» РҚБ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, БҰҰДБ және туристік бизнес өкілдері қатысты.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің қатарында «Туристік қызмет туралы» ҚР Заңына «тұрақты туризм» ұғымын енгізу, ұлттық парктерге өткізу пункттерін автоматтандыру, саябақтарда ҚТҚ шығару мәселелері мен қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарын құру, экотуризм инфрақұрылымын дамыту бар.
QazaqGeography өкілдері Леонид Кочетов пен Жәнібек Әлкеев «Алтын Емел» мен «Шарын» ұлттық парк инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлестіктің атқарған жұмысы жайлы айтып берді. «Шарын» аумағында шағын сәулет нысандары, демалуға арналған жаппалар, гроталар (арнайы көлеңкелі шатырлар), келген туристерге арналған ауыз су бұрқақтары, сондай-ақ эко-әжетханалар, шолуалаңдары пайда болды.
Дәл осындай жағдай «Алтын Емел» саябағының аумағында да жасалатын болады, ал әзірше мұнда жануарларды бақылауға болатын байқау мұнарасы орнатылған, уақыт өте келе тағы бірнеше мұнара пайда болады. Шағын сәулет нысандары жалпы көріністен ерекшеленбеуі үшін барлық инфрақұрылым ұлттық парктер ландшафтының ерекшеліктерін ескере отырып жабдықталғанын атап өткен жөн.
Тағы бір жетістік –«Сарай алқабында» ұялы байланыс антенналарының орнатылуы.Экотуризмді дамыту, «жасыл» технологияларды пайдалану және қоршаған ортаны сақтау бойынша QazaqGeography міндеттерін ескере отырып, антенналарды электр қуатымен қамтамасыз ету күн батареялары және жел генераторларының көмегімен жүргізілетінін атап өткен жөн: өндірілген электр қуаты арнайы аккумуляторларда жинақталады және станцияны тәулік бойы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамыту бойынша жобамызды іске асыру аясында жоспарланған нысандардың қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жұмыстарын жүргіздік, қоғам қайраткерлерімен қоғамдық тыңдаулар өткіздік, сондай-ақ экологиялық сараптаманың оң қорытысындысыналдық»,– деп хабарлады QazaqGeography РҚБ Жобалау, халықаралық қызмет және өңірлік даму департаментінің директоры Леонид Кочетов.
Оның айтуынша, жұмысқа түрлі сарапшы, атап айтқанда География және су қауіпсіздігі институты, «Қазселденқорғау» мекемесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты тартылды. Мәселен, алдын ала бағалау негізінде объектілер құрылысы үшін қауіпті аумақтар анықталды, осыған байланысты жобаға кейбір түзетулер енгізілді.
Сонымен қатар QazaqGeography өкілдері рекреациялық жүктеме аясында жоспарларында саябақтарды абаттандыру бар екенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша ҰКП ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетімен, ҚР ЭГТРМ және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен экотуризмді дамыту бойынша 4 жақты жол картасын әзірлеу және қол қою туралы келісімге келді.
Сонымен қатар, отырыс қатысушылары жобалық кеңсе жұмысының қорытындысы ретінде бір жылдан кейін экотуризм бойынша конференция өткізілетіні туралы келісті.