«Көшпенділер әлемі» фестиваліне арналған брифингi өтті
Кемінде 5000 адам Астана қаласында 30 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін «Көшпенділер әлемі» атты көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестиваліне барады.
Кемінде 5000 адам Астана қаласында 30 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін «Көшпенділер әлемі» атты көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестиваліне барады.
Бұл және алдағы фестивальдің басқа да егжей-тегжейлері туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Тимур Дүйсенғалиев, «Сарбаз Рухы» тарихи-патриоттық тобының директоры Әсел Әлішерова және «Qazaq Geography» ДҚБ (Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы) Халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алғашов айтып берді.
Фестиваль тұжырымдамасы 2008 жылдан бері Венгер Халық Республикасында сәтті өткізіліп келе жатқан, Түркі халықтарының үлкен құрылтайы моделіне негізделеді. Әлемдегі бұл аса ірі этнографиялық іс-шара Қазақстан үшін жақсы үлгі бола алады.
«Бағдарлама бірден бірнеше алаңда өтетін болады. Фестиваль аумағы бірнеше ауылға бөлінген, онда салт- дәстүр, садақ ату, ұлттық спорт түрлері, әскери өнер және қолөнерімен шұғылданушылық көрсетілетін болады», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Тимур Дүйсенғалиев. «Біз бұл іс-шарада көрермендер өздері қатысушылар болып, ұлттық өнердің аталған түрлеріне деген сүйіспеншіліктері оянатындай, қозғаушы түрткіге айналады деп үміттенеміз», - деді ол.
Фестиваль аясында барлығы 7 ауыл ұсынылған, онда барлық қатысам деушілер садақ атысудан жарыстарға, «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Асау», «Қазақ күресі» және басқа да ойындарға қатысып, ұлттық тамақтан дәм татып, халық шеберлерінің бірегей бұйымдарын таңдап ала алады.
Қатысушы-елдердің арасында – Башқұртстаннан, Болгариядан, Венгриядан, Қырғызстаннан, Түркиядан, Украинадан келген, Якутия мен Қазақстаннан топтар бар, олардың әрқайсысы өз бағдарламасын ұсынбақ. «Сарбаз Рухы» тарихи-патриоттық тобының директоры Әсел Әлішерова түсіндіргендей, кейбір қатысушы-елдер өзінің этнографиялық мұражай экспонаттарын әкеледі, оларды барлық келушілер көре алады. Осындай әсерлі және көріністік қойылымдардың бірі «Шабандоз әйелдердің» (Амазонкалар) өнер көрсетуі болады. Оның үстіне, көшпенділер әлеміне толыққанды ену «Әрқайым» нео-этнофольк тобының, хомусист және тамақпен ән айту орындаушысы Тюргэн Камның, «Тұран» этно-фольк тобының, «The Spirit Of Tengri» конкурс лауреаты Юлиана Кривошапкинаның музыкалық өнер көрсетулерін қамтамасыз етеді.
«Фестиваль жағдайлық туризмнің үздік мысалы болып, оның дамуына және халқымыздың салт-дәстүрінің қайта өркендеуіне жәрдемдесе алады», - деді «Qazaq Geography» ДҚБ Халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алғашов. «Көшпенділер өркениеті біздің жерлерімізде туындаған аса құдіретті және ежелгі өркениеттердің бірі болған. Фестиваль бұл мәдениеттің және онымен байланысы бар барлық халықтардың бірлігін көрсетеді. Біз бұл іс-шараны қуана қолдаймыз және оған қатысамыз», - деп қосты ол.
«Көшпенділер әлемі» көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестивалі 30 маусым мен 1 шілде аралығында «Қазанат» ипподромының аумағындағы «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешенінде өтетін болады. «Көшпенділер әлемі» фестивалінің іс- шараларына барлық тілек білдірушілер тегін қатыса алады.
Этноауыл аумағына 18 рейстік автобусымен, Қосшы жағына жүретін автобустармен, және Бәйтерек пен қалалық Әкімдіктен тікелей шаттл-бастармен жетуге болады.
«Көшпенділер әлемі» фестивалі Қазақстан елордасының 20- жылдығына орайластырылған. Іс- шара ұйымдастырушылары Астана қаласы Әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ болып табылады. Фестиваль серіктестері - Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы, «Qazaq Geography» ДҚБ, «Asia Waters» компаниясының «Turan» Табиғи минералды суы, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС, «Жас Отан» Жастар қанаты.