QazaqGeography Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросымен және «ECOJER» Қазақстандық қауымдастығымен біріге отырып «Тұрақтылықтың бастауы – өзіміз»атты Республикалық өзгеру марафонының басталғандығын қуана қолдап хабарлайды.
Тұрақты даму мүддесіне сәйкес білім беру аясындағы марафон өмір сүру салтында тұрақты өзгерістердің орын алуын қамтамасыз етуге қабілетті және қатысушылардың менталды және физикалық денсаулығына, дұрыс тамақтану мен мінез-құлқына деген жаңа көзқарасты дамытуға бағытталған.
Егер сіздің жасыңыз 12-45 жас аралығында болса, жобаға қатысуға шақырамыз!
Жобаға қатысушылар 30 күн бойы сапалы ұйқы философиясы, дұрыс тамақтану қағидалары, дене белсенділігін енгізудің маңыздылығы, психикалық денсаулықты сақтау қажеттілігі, қоршаған ортаны таза күйінде сақтау және саналы түрде тұтыну қағидаттары туралы оқитын болады, сонымен қатар, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданып, өзінің әлеуметтік және азаматтық белсенділігін арттыруды үйренеді.
Қатысушыларды оқыту үшін оқыту дәрістері мен шеберлік сыныптарынан тұратын 20 вебинарұйымдастырылады (5 – менталды денсаулық, 5 – физикалық денсаулық, 5 – дұрыс тамақтану, 5 – қоршаған ортаны қорғау және саналы тұтыну).
Қатысушылар алған білімдерін нығайту және өз әлеуетін дамыту үшін жетекші-сарапшылар берген 20 қызықты тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.
Қатысушылардың жоғары ынтасын, өзгеруге деген ұмтылысын және жеңіске деген құмарлығын танымал блогерлер, қоғам қайраткерлері мен инфлюенсерлердің арасынан шақырылған 20 амбассадор қолдайтын болады.
Марафон 2021 жылдың 20 қыркүйегінде басталады және 30 күнге созылады.
Жобаның ең белсенді, жауапты және жасампаз 36 қатысушысы жеңімпаз атанып, дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.
Марафонға қатысуға тіркелу 2021 жылдың 15 тамызынан 17 қыркүйегіне дейін
Өтінім беру: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSccKQYZW91ZBs0V8mHwxssBmPC61UShsRCGr1PwwoUJD2sd4g/viewform
Ережені жүктеу: https://disk.yandex.ru/d/OzlNn2niwgZu4g