Құрметті «QazaqGeography» РҚБ мүшелері және саяхат пен география, этнография мен тарих әуесқойлары!
Сіз қазақтың ұлы саяхатшысы және зерттеушісі Шоқан Уәлихановтың өмірінен сирек кездесетін және белгісіз деректерді білгіңіз келе ме? Онда сіз бұл деректермен танымал жазушы Исмаилжан Иминовтың қызықты және тартымды мақаласынан таныса аласыз. Мақаланы профильдің бас жағынды орналасқан мына http://aqiqat.kazgazeta.kz/?p=11081 сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Сіз көптеген жаңа және қызықты мәліметтермен таныс боласыз, өйткені жазушылық таланты, ғалымның қажырлы еңбегі авторға ерекше мақала жазуына мүмкіндік берген. Мақала қазақ тілінде шығатын республикамыздың барлық өңіріне тарайтын «Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналының беттерінде жарыққа шыққан.
Қысқаша автор туралы:
Исмаилжан Иминов, белгілі жазушы, кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы, ұстаз және өлкетанушы, тарихшы және этнограф, «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі.
Батыл саяхатшы И.Иминов кітаптары мен мақалаларын даярлау мақсатында Марко Поло, Николай Пржевальский, Алексей Бутаков және Шоқан Уәлихановтың жүрген жолдарын қайтала өтіп, шалғай жерлерді аралап өркениеттің ыңғайлылығысыз жерлерде түнеп, ұзақ сапарлар кезінде 60 градус ыстықты басынан өткізген.