01 қазан, 10:58

«Табиғат саулығы - халықтың әл-ауқаты» дөңгелек үстелінің резолюциясы

2020 жылдың 28 қыркүйегінде «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «табиғат саулығы – халықтың әл-ауқаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Табиғат саулығы - халықтың әл-ауқаты»
дөңгелек үстелініңрезолюциясы
Нұр-Сұлтан қ. 28 қыркүйек 2020 ж.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «табиғат саулығы – халықтың әл-ауқаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар короновирус пандемиясы жағдайында адам денсаулығы мен әл-ауқатының негізгі көзі ретінде табиғи ортаны сақтау және орнықты дамыту проблемалары одан әрі ушығып кеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдай отырып, қатысушылар осы дөңгелек үстелдің идеологиялық құрылымы экология, экологиялық кодекс, экологиялық білім беру, биоәртүрлілік, жасыл экономика және жануарларды қорғау мәселелері ерекше атап өтілетін негізгі постулаттарына сүйенетінін айтты. Осының барлығы дөңгелек үстелдің міндеттерімен үйлеседі және алдағы қызмет бағыттарының кең спектрін қамтитын Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі мен биоалуантүрлілігін сақтаудың проблемалық "нүктелерін" бірінші орынға қояды.
Соңғы уақытта әлемдік ғылыми қауымдастық «ғаламшардың саулығы» терминімен белгіленген қоршаған орта мен адам денсаулығы арасындағы байланысты түсінуге жаңа пәнаралық көзқарасты белсенді түрде алға жылжытуда. Табиғат пен адам саулығының континуумы халықаралық ауқымдағы заманауи өмірдің жаһандық стратегиясы мен философиясына айналады.
Осы аспектіде Қазақстан жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай, табиғатты пайдаланудың мыңжылдық тәжірибесіне және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге негізделген зор әлеуетке ие.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның табиғаты – халықты сауықтыруға арналған табиғи қуатты ресурс, ал оның игіліктері сақталуы, қалпына келтірілуі және болашақ ұрпаққа беру мақсатында тұрақты түрде пайдаланылуы тиіс деген пікірде. Алайда, осы саладағы жүйелі іс-қимылдар мемлекеттік мекемелер, бизнес-құрылымдар мен азаматтық қоғам арасындағы қайта құрушы шешімдер мен өзара іс-қимылды талап етеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: «табиғат саулығы – халықтың әл-ауқаты» ұранымен тұрақты дамудың базалық қағидаттары негізінде экологиялық мәселелерді шешуде қолдау көрсету.
Осы тұрғыда дөңгелек үстелге қатысушылар қажет деп санайды:
1.. Экологиялық қауіпсіздік экологиялық қауіптерді сәйкестендірумен, табиғи-шаруашылық жүйелердің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін бағалаумен, іс-қимылдардың мақсатын, индикаторларын және бағдарламасын айқындай отырып, басқару іс-шараларының кешенін әзірлеумен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын әзірлеу экологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге, қоғамның өмірлік маңызды мүдделерін қорғауға және халықтың денсаулығын жақсартуға, қоршаған ортаға антропогендік факторлардың әсерін азайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын тұрақты даму қағидаттарына сәйкес әзірлеу.
Осыған байланысты ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру және басқару іс-шараларын жүргізу қажет:
· климаттық жағдайлар өзгерісінің табиғи-шаруашылық жүйелерге әсерін бағалауды жүргізу;
· Қазақстан Республикасының су-экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
· шөлейттену процестерінің, әсіресе ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлерде, дамуын барынша азайтуды қамтамасыз ететін табиғатты пайдаланудың бейімделген жүйелерінің тетіктерін құру;
· «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қолдаудың ақпараттық-картографиялық негізі ретінде Қазақстанның медициналық-экологиялық картасын жасау» ғылыми-қолданбалы жобасын іске асыру;
· халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы орта құру және табиғи кешендердің экологиялық жай-күйін жақсарту үшін аумақтың экологиялық орнықты кеңістіктік ұйымдастырылуының бастауы ретінде Қазақстан аумағының табиғи-экологиялық негізін қалыптастырудың құрылымы мен нормативтік-құқықтық аспектілерін әзірлеу.
2. Елдің осы бағыттағы қызметін айқындайтын және оның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келетін стратегиялық құжат ретіндеіс-қимыл жоспарымен бірге "Қазақстан Республикасының биологиялық әртүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі тұжырымдама" бекітілсін.
Осыған байланысты:
· экожүйелік тәсілді елдегі табиғатты пайдалануды реттеу мен экожүйелік қызметтер көрсетудің негізі ретінде өзіндік құны бар және ұлттық байлық құрылымында ескерілетін экономикалық санат ретінде айқындау;
· экологиялық заңнаманы биоалуантүрліліктің жоғалуын, буланған газдар шығарындыларымен ластануды өтеу ретінде экожүйелік тәсілге негізделген табиғатты пайдалануды экономикалық реттеудің жаңа тетіктерімен, жаңа орман екпелерін құру арқылы, экологиялық туризмді дамыту үшін салықтық жеңілдіктер енгізу, жабайы жануарларды өсіру үшін субсидиялар бөлу арқылы жетілдіру;
· жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлерін сақтау жөніндегі іс-қимылдарды жоспарлау үшін негіз ретінде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңына «Арнайы түрлер бойынша іс-қимылдар жоспары» ұғымын енгізу;
· браконьерлерді ұстау туралы хаттамалар жасаған, жануарлар дүниесін қорғау инспекторлары мен қорықшыларға жануарлар дүниесіне залалды өтеу үшін өндіріп алынған, талап қоюлар сомасының белгілі бір пайызы түрінде сыйлықақы төлеу жүйесін белгілеу мүмкіндігін қарастыру;
· жануарлардың қырылуына және олардың қоныс аудару жолдарының бұзылуына әкеп соғатын, қауіпсіз маршруттарды таңдауды немесе басқа да арнайы шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін желілік инфрақұрылым объектілерінің (автомобиль және темір жолдар, бөгеттер, электр беру желілері және басқалар) биоалуантүрлілігіне теріс әсерін болғызбауды немесе азайтуды қамтамасыз ету;
· қала құрылысы және қалалардың жасыл екпелерін күтіп-ұстау практикасына міндетті пункт - биоалуантүрлілікті, ең алдымен құстарды сақтау үшін жағдай жақсарту енгізуді қамтамасыз ету;
· Нұр-Сұлтан қаласында "Талдыкөл" қалалық табиғи паркін құруды жеделдету, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында қалалық табиғи парктер құру мүмкіндіктерін қарау;
· жағалау экожүйесін сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ерекше қорғалатын табиғи объектісі Кубейтуз көліне ғылыми негіздеме дайындау мақсатында геоақпараттық әдістерді және су сапасын зертханалық талдауды, ландшафттардың маусымдық осалдығын қашықтықтан талдауды қолдана отырып, Кубейтуз көлінде ғылыми зерттеулер жүргізу;
· климаттың өзгеруі жағдайындағы табиғи және антропогендік процестердің динамикасын зерттеу және табиғатты пайдалануды оңтайландыру, халықты экологиялық ағарту және биоалуантүрлілікті сақтау үшін жағалауға геоэкологиялық аудандастыру жүргізу негізінде Каспий маңы және Арал өңірлерінің интерактивті экологиялық атластарын жасау.
3. Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру үшін білім беру үрдісіне озық әдістер мен технологияларды енгізу.
Президент Қ. Тоқаевтың экологиялық білім беруді енгізу жөніндегі 10.07.2020 жылғы тапсырмасын орындау аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында экологиялық білім,білік пен дағдыларды кеңейту ұсынылады:
· мектептегі білім беру процесіне "оқытудағы жүйелі тәсіл" педагогикалық технологиясын енгізу (мемлекеттік стандарттарда, оқулықтарда өзгерістер талап етілмейді, оқушыларды тиімді және жылдам оқытуға арналған әдістемелік құралдар бар);
· жалпы білім беретін, арнаулы орта және жоғары білім беру жүйесінде (экологиялық олимпиадалар, конкурстар, зияткерлік және шығармашылық лагерьлер өткізу) жастардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі курстарды әзірлеу және енгізу;
· білім беру бағдарламасына қарамастан, жоғары оқу орындарының барлық студенттері үшін "Экология және тұрақты даму" туралы міндетті курсын енгізу, яғни оны ЖБП курс бойынша таңдау циклынан ЖБП (жалпы білім беретін пәндер) ауыстыру;
· "оқытудағы жүйелі тәсіл" әдіснамасын қолдана отырып, оқушылар үшін "Эколог" элективті курсын енгізу:
- жаратылыстану пәндерін экологияландыру (биология, химия, география, физика);
- барлық пәндер бойынша (орыс/қазақ/ағылшын тілі, тарих, математика) бағдарламалық тақырыптарға экологиялық материалды енгізу;
· педагогтердің ғылыми-әдістемелік жұмысын қолдау және оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жүйелі көзқарас тұрғысынан дамыту мақсатында экология бойынша оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және құру, оның ішінде:
- оқу-әдістемелік жарақтармен қамтамасыз ету (оқулықтар, құралдар, жинақтар, әдістемелік ұсынымдар, ережелер);
- әдістемелік көмек көрсетумен, пәндер бойынша эксперименттік оқу жоспарларын әзірлеумен консультациялар, тренингтер өткізу;
- педагогтар, оқушылар мен ата-аналар үшін экологиялық олимпиадалар, ғылыми конкурстар, семинарлар мен конференциялар, зияткерлік және шығармашылық лагерлер ұйымдастыру және өткізу;
- республикалық ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастыру және өткізу (жастар арасында ғылыми сауаттылықты дамыту үшін мотивациялық жағдайлар жасау);
· география, өлкетану, жаратылыстану, биология бойынша қашықтықтан және күндізгі форматтарда практикалық сабақтар өткізу үшін Қазақстан мен оның өңірлерінің оқу электрондық және интерактивті тақырыптық (Климаттық, геоморфологиялық, топырақ, ботаникалық, ландшафтық, гидрологиялық) және контурлық карталарын, сондай-ақ экологиялық білім беру бойынша оқу-әдістемелік құрал әзірлеу.
4. Экотуризмнің дамуына ат салысу.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда, табиғи ландшафттарды сақтауды және аумақтарды экономикалық дамытуды үйлестіретін фактор ретінде экологиялық туризмді жан-жақты дамыту мақсатында:
· "экологиялық туризм" терминін және туристік қызметті ұйымдастырудың экологиялық қағидаттарын (негіздерін) заңнамалық тәртіппен бекіту;
· Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063К қаулысымен бекітілген жүктемелердің рекреациялық нормаларының, экологиялық туризмнің критерийлері мен стандарттарының және оған қойылатын талаптардың есептерін міндетті түрде қоса отырып, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асырудың ағымдағы қағидаларын қайта қарау;
· рекреациялық жүктеме мен сыйымдылық нормалары есебінен парктің экотуризмі мен әлеуетін дамытуды талдауға, пайымды, басшылық қағидаттарды, стратегиялық бағыттар мен түйінді іс-шараларды әзірлеуге негізделген МҰТП-да туристік және рекреациялық қызметті жоспарлау жөніндегі қадамдық іс-қимылдарды енгізу;
· экотуризм және экологиялық туризммен айналысатын компанияларды әкімшілендіру саласында тиімді мониторинг жүргізу және ашық статистиканы қалыптастыру мақсатында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші - "экологиялық туризм" енгізу;
· қоршаған ортаға неғұрлым экологиялық достық жаңа сапалы туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтер саласындағы әзірлемелерді ынталандыру мақсатында экологиялық туризммен айналысатын компанияларды сертификаттау жүйесін енгізу;
· топографиялық негізде геолокациялық GIS карталары мен геоақпараттық атластары бар электрондық жолкөрсеткіштер жасауды қоса алғанда, Қазақстанның ЕҚТА табиғи-ресурстық әлеуетін сақтауға және экологиялық-ағартушылық қызметін арттыруға ықпал ететін рекреациялық жүктемелерді есептей отырып, ғылыми - негізделген туристік маршруттар әзірлеу;
· Ұлттық парктер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін эко-ағарту және геолокациялық туристік карталар жасау бойынша оқыту семинарларының серияларын өткізу;
· жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және шешімдер қабылдау кезінде сананы экологияландыру бойынша барлық бейінді министрліктерде, ведомстволар мен әкімдіктерде оқыту семинарларының серияларын әзірлеу және өткізу.
Дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар мәселелерді талқылап, алға мынадай міндеттер қойды:
· 2021 жыл – «Салауатты табиғат жылы» деп жариялансын.
· Қазақстанда «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің негізінде эколог-сарапшыларды топтастырып, қоршаған орта саулығы проблемаларын көтеретін және шешуге ықпал ететін экологиялық омбудсмен институтын құру.
· «Аймақтық экология мәселелерін шешу жолдары» / «Адам және табиғат» тақырыбында халықаралық экологиялық симпозиум өткізу.


Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх