Шараның негізгі мақсаты - қысқы сапарға дайындық барысын пысықтау. 15 адамнан құрылған топ ішінде Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қосшы, Тайтөбе ауылдарының бірқатар азаматы болды. Айта кету керек, салт аттылар күніне 50 шақырымды еңсеріп отырды. Жол-жөнекей ауылдарда тоқтап, жергілікті халықтан осы жерлердің тарихы мен ерекшелігі жайлы әңгіме өрбітіп, қариялардың батасын алып, әрі қарай жүріп отырды.
Елбасымыздың «Атқа міну мәдениетін» дәріптеуде және еліміздің ішкі туризмін дамытуда аталмыш шараның маңыздылығын атап өткен жөн.