17 шілде, 03:47

«Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы толығымен өз мәресіне жетті

Бүгін «Киелі Қазақстан» экспедициясы толығымен аяқталды. Айта кету керек, экспедиция екі бөлімнен тұрды. Бірінші бағыт 21-29-маусым аралығында Сарыарқа бойымен жүзеге асты. Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан топ Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтті.

Бүгін «Киелі Қазақстан» экспедициясы толығымен аяқталды. Айта кету керек, экспедиция екі бөлімнен тұрды. Бірінші бағыт 21-29-маусым аралығында Сарыарқа бойымен жүзеге асты. Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан топ Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтті. Салт аттылар тәулігіне 50-60 шақырымды еңсеріп отырды.

Экспедицияның толық жүріп өткен жолдары: Нұр-Сұлтан қ. –Қарағайлы археологиялық кешені – Соколиные горы (Бұйратау ҰТП) – Едіге би кесенесі – Алғабас а. – Белодымовский кордон, Қараағаш (БұйратауҰТП ) – Әлкей Марғұлан а. – Қарабұлақ а. – Мұса Шорманұлы а. – Бұқар Жырау кесенесі – Жаңатілек а.– Жаяу Мұса кесенесі –Баянауыл а.– Жасыбай көлі, С.Торайғыров кесенесі, Қоңыр әулие (Баянауыл ҰТП) – Нұр-Сұлтан қ.

Ал екінші бағыт Алматы облысы бойынша жүзеге асып, 1-шілдеде басталды. 25 салт аттыдан құралған топ 12 күнде 150 шақырымды атпен, 850 шақырымды көлікпен жүріп өтті. Қатысушылар Алматы облысының өзендері мен тауларын, шатқалдары мен асуларын бағындырды.

Қатысушылар Алматы облысының өзендері мен тауларын, шатқалдары мен асуларынан, атап айтқанда, Ыссық, Аюлы сарқырамасы, Түрген өзені, Шыңтүрген шыршалары, Қайрақ сарқырамасы, Ой-Қарағай шатқалы сияқты бағдарлармен өтті.Экспедициялық топ Дон-Жайлау шатқалы, Ассы үстірті, Қара-Арша шатқалы мен Аманжол шатқалы мен асуына жаңа салт атты бағдарларға жол ашты. Экспедицияның соңғы нүктесі бүгін Қайыңды өзені болды.

«Киелі Қазақстан 2019» экспедициясының бағдары Алматы облысы қонақтарының көңілінен шығары сөзсіз. Дәл қазір айта алатыным, салт аттылар туры 3 күнге созыла алады. Қонақтарға Көлсай көлдері, Қайыңды және Түрген шатқалы қызықты болады. Үстірт, жайлау және асулар фотографтар үшін таптырмас орын болады», - деп экспедиция мүшесі және туроператор Ирина Жаркова өз ойымен бөлісті.

Экспедиция бағдары келесі нысандарды қамтыды: Алматы қ. – «Ыссық»тарихи-мәдени қорық мұражайы – Аюлы сарқырамасы – Түрген өзені – Шыңтүргеннің қыналы шыршалары – Қайрақ сарқырамасы – Ой-Қарағай шатқалы – Дон-Жайлау шатқалы – Ассы үстірті – Асы обсерваториясы – Қара-Арша шатқалы – Қызылауыз асуы – Жіңішке өзені – Аманжол үстірті – Шелек өзені – Бірінші Көлсай көлі – Екінші Көлсай көлі – Қайыңды көлі – Алматы қ.

Экспедицияның мақсаты — атқа міну мәдениетін насихаттап, Қазақстанда атты туризмді дамыту. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы атқа міну мәдениетін жаңғыртуға елеулі үлес қосады.

Шара ҚР мәдениет және спорт министрлігіне қарасты туризм индустриясы Комитетінің бастауымен жүзеге асты. Ұйымдастырушысы - «Kazakh Tourism» ҰК, Сарыарқа бағыты бойынша маршрутты жасап және экспедицияны өткізген - «QazaqGeography» РҚБ.

Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх