27 қазан, 07:00

Географиялық диктант 2019

2019 ж. 27-қазанда QazaqGeography медиа-орталығында «Географиялық диктант» өтті

2019 ж. 27-қазанда QazaqGeography медиа-орталығында «Географиялық диктант» атты халықаралық білім беру акциясы өтті. Шараға сайт арқылы алдын ала тіркелгендердің барлығы қатысты. Науқанды ұйымдастырушы - жалпыресейлік «Орыс географиялық қоғамы» қоғамдық ұйымы. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы мен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өтті.

Диктант басталғаннан бергі бес жыл ішінде оған 97 елден 900 мыңнан астам адам қатысқан. Осы жылға дейін Диктанттың өткен ерекше орындарын атап кету керек: Кейптаун жолдарында орналасқан Ресейдің Антарктикалық экспедициясының құрамындағы «Академик Федоров» зерттеу кемесі,«Ленин» атомдық мұзжарғышы, ондаған қорықтар мен ұлттық парктер, Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі кеңес заманы ойын автоматтарының мұражайлары. Сонымен қатар, диктант Төменгі Новгород - Мәскеу және Мәскеу - Берлин бағытттары бойынша «Стриж» пойыздарында өтті.
Негізгі тест басталмай тұрып, қатысушыларға Қазақстан географиясы бойынша сұрақтар түрінде жаттығу өткізілді. Бүкіл әлем бойынша саяхат жасауға 45 минут уақыт бөлінді, яғни географиялық диктантты жазуға осыншама уақыт берілді. Сұрақтарды Сергей Шнуров, Мария Ситтел және Никита Михалков сияқты белгілі тұлғалар дауыстады
Диктант басталғанға дейін әр қатысушыға жеке сәйкестендіру нөмірі берілді. Сол нөмір арқылы әр қатысушы өз нәтижесін http://dictant.rgo.ru сайтында 29- қарашадан кейін тексере алады.


Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх