02 қыркүйек, 02:12

Құрметті достар!

«QazaqGeography» фотобайқауы - «Менің Қазақстаным» 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартылғанын хабарлауға қуаныштымыз.

Байқау Қазақстан экологиясына арналған және қоғамның назарын еліміздің табиғатына аудару, оны сақтау қажеттілігі, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, оның табиғи байлықтарына ұқыпты, жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Фотобайқау үш санат бойынша өтеді: Қазақстанның флорасы мен фаунасы; Қазақстанның табиғаты; Қазақстанның экологиясы және қоршаған ортасы.

Фотобайқау туралы толық ақпарат алу және оған қатысу үшін www.qazaqgeography.kz сайтында тіркелуге болады.

Сондай-ақ, Tengritravel.kz саяхаттар туралы ақпарат порталынан «Халық таңдауы» сыйлығы болады. 1 қазаннан бастап үздік суреттерге https://tengritravel.kz/photo_contest/ парақшасында дауыс беруге болады. Фотобайқауды Tengritravel.kz қолдауымен Qazaq Geography ұйымдастырады.

Сіздің фотосуреттеріңізді 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін күтеміз.

Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх