05 сәуір, 05:23

Британдық жазушы Ұлы даланың шетелдік зерттеушілері туралы кітап шығарды

Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында британдық жазушы және саяхатшы Ник Филдингтің кітабының қазақ және орыс тілдеріне аудармасы таныстырылды. Автор өз жұмысын Қазақстан астанасына арнайы келіп, жұртшылыққа ұсынды.

Ник Филдингтің «Ұлы дала саяхатшылары: папа елшілерінен бастап, Ресей революциясына дейін» атты кітабында Батыс саяхатшыларының қазақ жерлерін зерттеу тарихы туралы баяндалған. Бұл кітапты ерекше жоба деп санауға болады, өйткені ұлы даланы шетелдік саяхатшылар жан-жақты зерттеген алғашқы қадамдардың бірі болып келеді.

Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан қазіргі Қазақстанның аумағы әрдайым зерттеушілердің, көпестер мен саяхатшылардың назарын аударғаны құпия емес, өйткені көшпенділердің далалары мен шөлдері арқылы аты аңызға айналған Жібек жолы өткен. Олардың ішінде, мысалға алатын болсақ, Жібек жолын солтүстікке бағыттауға тырысқан алғашқы Британдық саудагерлер Энтони Дженкинсон мен Джонас Хэнуэй және дала хандарына христиан дініне бұру ұмтылдырған папалық эмиссарлар болды.
Н.Филдинг өз кітабында олардың қызықты оқиғаларын баяндап, Адель Оммер де Гелл, Люси Аткинсон және Мари де Уйфальви-Бурдон сияқты қазақ жерлерін зерттеген көрнекті саяхатшы әйелдер туралы баяндаған.
Ник Филдинг өз еңбегі жайлы: «Ұлы дала саяхатшылары» кітабы, бәлкім, соңғы 1000 жыл ішінде Ұлы Дала еліне саяхат жасаған тұлғалар туралы ағылшын тіліндегі тұңғыш тарихи шығарма. Туынды ұлы Шыңғыс хан мен оның ұлдарына жіберілген эмиссарлардан басталады. Көшпелі қоғамда ресми сақталған жазба деректер аз болды деп ойлаймын, сондықтан шетелдік саяхатшылардың жазбалары аса маңызды. Жазбалардың арқасында Қазақстанның тарихы жайлы тың деректерге қол жеткізуіміз мүмкін».
Тұсаукесер барысында кітап авторы көрермендерге Ұлы Дала еліне саяхат жасау кезінде зерттеушілердің ең қызықты әңгімелері, жарқын фотосуреттері мен суреттерін ұсынды.
Кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасы ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді және 2020 жылы Лондондағы Корольдік географиялық қоғамда таныстырылды. Алматы облысының әкімдігі «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ-мен бірлесіп, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің бастамасымен және қолдауымен қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа басылымдарды 2021 жылы аударып, жариялады.
Тұсаукесер рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ник Филдингке алғысын білдіріп, оның еңбегі арқылы адамдар тарихпен жақынырақ танысып, оны жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов кітаптың Қазақстанда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай таныстырылғанын атап өтті.
Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, «Ник Филдингтің кітабы – әртүрлі халықтардың мәдениеттері арасындағы сүйіспеншілік пен өзара құрметтің тарихы. Дәл осы кітап отандастарымызға қолжетімді болу үшін энтузиасттарды жинап, ұлы далаға жасалған

Батыс саяхатшыларының еңбегін қазақ және орыс тілдеріне аударудың сәті түскеніне өте қуаныштымын. Бүкіл әлем бойынша Ұлы даланың ұлы тарихын насихаттайтын жобаға қатысқан азаматтарға алғысын білдірді».

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич Н.Филдингтің кітабы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жыл бұрын емес, бірнеше жүз жыл бұрын орнатылғанын дәлелдейтінін атап өтті.
ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі, сондай-ақ, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерделеу және Қазақстан халқының рухани құндылықтарының бірлігін сақтауға және жандандыруға бағытталған басқа да маңызды жобаларды іске асыру қызметі бағыттарының бірі болып табылатын «QazaqGeography» РҚБ Нұр-Сұлтандағы кітаптың қазақ және орыс тілді нұсқаларының тұсаукесеріне бастамашы болды.
«Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауды мақсат еткен қоғамдық бірлестік ретінде еліміз туралы шетел авторларының еңбектерін зерттеп, оларды жинақтап, тарих беттерінде өз қолтаңбамызды қалдыру аса маңызды. Ал Ник Филдингтің кітабы Қазақстан аумағы тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, мәдени тұрғыдан да зерттеушілерді әрқашан қызықтырғанының тағы бір дәлелі», – деді «QazaqGeography» РҚБ Басқарма төрағасы Орман Нұрбаев.
Тұсаукесерге шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, қазақстандық тарихшы-ғалымдар, этнографтар, өлкетанушылар, экспаттар, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысты.



Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх