05 қазан, 07:06

Семей «футбол отаны» мәртебесін қайтарғысы келеді

Семей қаласында футболдың дамуына ерекше үлес қосқан футболшылар бейнеленген панноның салтанатты тұсаукесері өтті. Паннода «Семей – қазақстандық футболдың отаны» деген жазу бар.

Бастаманы QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі қолдады. Семейдегі бірлестіктің өкілі Аркадий Резниктің айтуынша, паннодағы Мұхтар Әуезов, Андрей Пинчуков, Олег Литвиненко мен «Қызыл-Жар СК» ФК бас жаттықтырушысы Андрей Карповичтің суреті кезіндегі Семей футбол құрамасы «Ярыш» («Жарыс»), «Спартак», «Елімай» мен «Алтай» командасының төрт дәуірін бейнелейді.

1912-1913 жылдары Қазақстанның дәл осы өңірінде алғашқы футбол командалары құрылды. Атап айтқанда «Нептун», «Олимп», ССК, «Спорт», «Феникс», «Марс», «Ярыш» («Жарыс») командалары. Естеріңізде болса, «Ярыш» («Жарыс») –қазақ жеріндегі тұңғыш футбол командасы.

Бір ай бұрын QazaqGeography Семей қаласындағы жаңа «Невада-Семей Арена» жабық футбол манежін қаржыландыруға UEFA қорына өтінім жіберді. Бұл бастама да өңірдегі футболдың дамуына тағы бір серпін бермек.

Конкурстық комиссияоң шешім қабылдаса, мұндай әлеуметтік жоба ядролық сынақтан зардап шеккен әрі экологиялық ахуалы маңызды боп саналатын өңірді дамытуға қосқан ерекше үлес саналады.

Бұл жобаның басты мақсаты –қала балаларына жылына 365 күн футбол ойнауға мүмкіндік беру, аталмыш спорт түрін дамыту. Сондай-ақ маңызды іс-шаралар арқылы экологиялық апат аймағына қоғамның назарын аударту.

Өтінім нәтижесі қараша айында белгілі болады.



Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх