Ұлытау Қазақстанның георгафиялық орталығындағы ұлан-байтақ аймақ, оны елдің жүрегі деп санауға болады: дәл осы жерде кесенелердің, жартасқа салынған суреттердің, үңгірлердің, ежелгі қалалардың орындары, тарихи және аңызға айналған тарихтардың жинағы бар.
Аймақтың елге келушілер мен ішкі туризмді дамыту мағынасында да әлеуеті зор. Әртүрлі мерзімдегі тарихи-мәдени объектілері, сондай-ақ биологиялық және ландшафты алуантүрлілігі бұл жерде саяхаттың ең кең спектрін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жолсілтеме Ұлытау аймағын зерттегісі келетін саяхатшыларға таптырмайтын көмекші болады. Жолсілтеменің 100 бетінде 70 астам туристік объектілер карталарымен және иллюстрациялық фотосуреттерімен берілген.
Жолсілтеме QazaqGeography және «Авалон» тарихи-географиялық қоғамымен 2015 және 2016 жылдардағы барлау экспедицияларының нәтижелері бойынша жасалған.