Баянауыл таулы-орманды алқабының Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарының саяхатшылары үшін ең танымал бағыттарының бірі екендігі кездейсоқ емес. Аумақ жағажайлық, жаяу жүру, велосипед және тарихи-танымдық туризмге мүмкіндік береді.
Баянауылдың туристік объектілерінің шолу сызбасынан басқа, басылым Баянауыл ауылының жоспарын, тау алабының солтүстік-шығыс бөлігінің картасын көпшілікке мәлім соқпақ жолдарымен, Жасыбай көлі жағалауы шығыс бөлігінің егжей-тегжейлі сызбасын, пайдалы ұйымдардың байланыстарын және туристік объектілердің сипаттамаларын қамтиды.
Карта QazaqGeography, «Павлодар география үйі» ҚБ және «Авалон» ҚҚ, сондай-ақ Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының консультациялық қолдауымен шығарылған.