09 желтоқсан, 12:00

QazaqGeography қамқоршылық кеңесінің кеңейтілген отырысы

Бүгін Қамқоршылық кеңестің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен QazaqGeography қамқоршылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Бүгін Қамқоршылық кеңестің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен QazaqGeography қамқоршылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Қоғамның 2017 жылғы қызметі туралы баяндамамен Атқарушы директор Жана Рустем, Медиа-кеңестің төрағасы Ержан Бабақұмаров және Басқарушы кеңестің төрағасы Қанат Байғарин сөз сөйледі.

Бүгін Қамқоршылық кеңестің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен #QazaqGeography қамқоршылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Қоғамның 2017 жылғы қызметі туралы баяндамамен Атқарушы директор Жана Рустем, Медиа-кеңестің төрағасы Ержан Бабақұмаров және Басқарушы кеңестің төрағасы Қанат Байғарин сөз сөйледі.

2017 жылы біздің қоғам 19 ауқымды іс-шара өткізді, олардың арасында Батыс Қазақстанның қасиетті орындарына «Киелі Қазақстан» экспедициясы, «Хан Қорық» жастар фестивалі, Ертіс күні, Сайрам су бойындағы «ЭтноАртФест» халықаралық мәдени-этникалық фестивалі және басқалар.
Біз Қазақстанға тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын реинтродукциялау бойынша кешенді жұмысты жалғастырудамыз.
Сондай-ақ Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркін және халықтың қауқары аз топтары үшін Іле-Алатауға бірінші қол жетімді туристік соқпақтарды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар QazaqGeography туризмді дамыту бойынша шараларды қарастыруда – «Арал – шекарасыз қонақжайлылық» жобасы іске асырылуда, Ақмола облысының Зеренді ауданына экспедиция ұйымдастырылды. Сондай-ақ Алматы облысында көшкінге қарсы жабдықтарды енгізу бойынша жобаға қолдау көрсетілуде.
Биылғы жылы біз сондай-ақ «KaragandaTravelFest» саяхат фестивалін өткізіп, «AlmatyTravelFest» саяхат фестивалінің серіктесі болдық.

Ержан Бабақұмаров өз сөзінде QazaqGeography медиа кеңесінің негізгі міндетін белгіледі – бұл Қазақстан географиялық қоғамы брендін кезең-кезеңмен қалыптастыру және оның танымалдылығын, ақпараттық, баспа және ағартушылық қызметін үйлестіруді арттыру. Медиа-кеңестің төрағасы сондай-ақ алдағы жылға жоспарларды айқындады. Мәселен, QazaqGeography қоғамында «QazaqGeography сағаты» радио бағдарламасын құру, Қазақстан бойынша электронды карталарды, маршруттарды және жол сілтегіштерді басып шығару, сондай-ақ жер, қоғам мен мәдениет ғылымдары саласында журналистік зерттеулерді жүргізу үшін жыл сайынғы грантты құру жоспарлануда.

Басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин QazaqGeography Жабайы табиғат қорымен, Орыс географиялық қоғамымен, National Geographic және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастырып жатқандығын атап өтті.

Отырысты қорытындылай келе Қамқоршылық кеңестің төрағасы Кәрім Мәсімов бірқатар тапсырмалар берді. Кеңес отырысының соңында Қазақстанның табиғатын, адамдары мен қалаларын жаңа және күтпеген жағынан көрсететін ең үздік фотосуреттерді іздестіру мақсатында 2017 жылғы 25 шілде мен 24 қазан аралығында өткен «Менің Қазақстаным» атты фотоконкурстың жеңімпаздары марапатталды. Конкурстың ақпараттық әріптестері болғандар Tengrinews.kz жаңалықтар порталы мен Massaget.kz ойын-сауық-ақпараттық порталы. Қазылар алқасының құрамына танымал қазақстандық фотографтар: Ерболат Шадрахов, Тұрар Қазанғапов пен Арман Женикеев кірді. Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды:

  • #QazaqGeoNature: Алена Кошкина, Адина Сексенбаева, Қуат Телегенов;
  • #QazaqGeoPeople: Фарид Сайфуллин, Алмас Жақсылықов және Евгений Федоров;
  • #QazaqGeoTowns: Тимур Есекин, Қуат Телегенов және Артюшина Светлана

Сонымен қатар Tengrinews.kz сайтында онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша ең танымал фото үшін жүлдені автор Фарид Сайфуллин алды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 7 желтоқсаннан 29 желтоқсан аралығында QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның «Менің Қазақстаным» және Орыс географиялық қоғамының «Ең әдемі ел» фотоконкурсы жұмыстарының бірлескен көрмесі өтеді. Көрмеде фотоконкурстардың барлық сериялары мен номинацияларының және қатысушылар: Айдар Аязбаевтың, Мейрам Нұртазиннің, Әсел Каукенованың, Марек Йохецтің, Жұмағали Смайыловтың, Марат Әубәкіровтың, Әлихан Мырзағали мен Ирина Григорьеваның ең үздік 41 жұмысы қойылады. Көрмеге кіру еркін.



Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
8 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх