27 сәуірде Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалдық мұражайында Алматы облысы Кербұлақ ауданының Шанханай ауылында жерленген ғалым әрі саяхатшы Шоқан Уәлихановты еске алуға арналған ғылыми конференция болып өтті.
Конференцияның жұмысына шоқантанушы-ғалымдар, жазушылар, өлкетанушылар, Ш.Уәлихановтың жақын туыстарының ұрпақтары және Алматы облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Конференция шеңберінде жазушы, публицист, саяхатшы, QazaqGeography мүшесі Исмаилжан Иминовтың "Ұлы Шоқанның керуен жолымен", "Алтышар бойлап саяхат" кітаптарының таныстырылымы өтті.
"2014 жылғы шілде-тамыз айларында маған QazaqGeography экспедициясының құрамында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қашғарияда болу бақыты бұйырды. Біз қазақ ғалымы аяғы тиген жерлерден өттік. Шоқан Уәлиханов баруды армандаған, бірақ түрлі себептерге орай бара алмаған Алтышардағы – Алты Қала Еліндегі (бір кездері қала осылай аталды) қалаларды, көлдер мен өзендерді көрдік. Дегенмен де Шоқан Шыңғысұлы бай материал жинап, бүкіл өлкені суреттей алды. QazaqGeography 2015 жылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» атты кітап шығарды, ал 2016 жылы «Алтышар бойлап саяхат» жарық көрді, - деп әңгімелейді автор Исмаилжан Иминов.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, жазушы Әбен Нұрманов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Кабульдинов және философия ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Билалова жазушыны кітабының шығуымен құттақтап, қазақтың «тұсаукесер» салтын өткізді, сол арқылы кітапқа «үлкен өмірге» жолдама берді.
"QazaqGeography экспедициясының құрамында мен Шоқан Уәлихановтың экспедициясы болған көптеген жерлерді араладым, бірақ біз сол кезде өмірінің соңғы кездері өткізген және моласы орналасқан Алтынемелде бола алмадық. Бүгін, 2018 жылғы 27 сәуірдің шуақты жылы күнінде біз 2014 жылғы QazaqGeography экспедициясына аяқтаушы «нүкте» қойдық, ұлы саяхатшының аруағына құрмет көрсеттік және еліміздің ғылыми қауымына қазақ зерттеушісі мен өз экспедициямызға арналған кітаптарды ұсындық", - деп атап өтті Исмаилжан Иминов.
Исмаилжан Иминовтың кітаптарын автордың өзі мұражай қорына тапсырды және ғылыми конференцияның барлық қатысушыларына сыйлады. Ғылыми конференцияның шеңберінде З. Кабульдинов, А. Нұрманов, Г.Билялова және басқа зерттеушілер мен ғалымдар сөз сөйледі. Конференцияға қатысушылар ғылыми форумның қожайындары конференцияны тамаша ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының әкімдігіне, Кербұлақ ауданының әкімдігіне және мұражай директоры Сәуле Әбішеваға алғыс айтты.