QazaqGeography-ның ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметі аясында ішкі туризмді дамыту жөніндегі жобалар туралы баспасөз конференциясы өтті.
ҚР Үкіметінің баспасөз-орталығы алаңында QazaqGeography Басқарушы кеңесінің төрағасы, «Назарбаев Университеті» ДБҰ Инновация бойынша вице-президенті, физика-математика ғылымдарының докторы Қанат Байғариннің, QazaqGeography Халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алгашовтың, "Назарбаев Университеті" ДБҰ National Laboratory Astana Биофотоника және имиджинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Вероникаи Дашкованың, сондай-ақ ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік мониторингтеу басқармасының басшысы Раушан Мукышеваның қатысуымен, QazaqGeography-ның ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметі аясында ішкі туризмді дамыту жөніндегі жобалар туралы баспасөз конференциясы өтті.
Қатысушылар QazaqGeography-ның алдағы, соның ішінде Арал теңізіне "Арал 2018" кешенді экспедициясы, Орталық және Шығыс Қазақстанның қасиетті орындарына "Киелі Қазақстан" экспедициясы, "тұран" деп аталатын жолбарысты реинтродукциялау бойынша мемлекеттік бағдарламаны қолдау, Алматы, Шымкент қалаларындағы саяхат фестивальдары, жыл сайынғы "Хан Қорық" жастар фестивалі және басқа да көптеген іс-шаралар туралы айтып берді.